Жаңалықтар

“МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛДІКТІҢ ҚАСИЕТТІ БОЙТҰМАРЫ”

3 мамыр күні ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Атырау облысы бойынша филиалында Мемлекеттік рәміздер күніне орай “ Мемлекеттік рәміздер – елдіктің қасиетті бойтұмары ” тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының “Тіл” оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Ғазизова Лаура Бауыржанқызы академияның қайта даярлау курсы тыңдаушыларына мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілердің маңыздылығын дәріптеді.
Филиал директоры Бекіш Азамат Әбділқаилұлы өз кезегінде көк аспан түсті Туы­мыз, айбынды Елтаңбамыз, асқақ Әнұранымыз секілді баға жетпес құндылықтарымызға деген әр қазақстандықтың құрметін қалып­тас­тыру, жас ұрпақтың сана­сы­на отаншылдық сезімді сіңіру, патриоттық аңсарды тәрбиелеу – басты мақсатымыз екендігін атап өтті.
Шара барысында тыңдаушылар көкейдегі бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, ой-пікір алмасты.