Жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай филиалда қайта даярлау курсының тыңдаушыларымен «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық құндылығымыз»  атты  мерекелік іс-шара өткізілді.

Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Мейрамханұлы мен Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Әсия Баянқызы және филиал директоры Азамат Әбділқаилұлы қатысты.

Мемлекеттік Гимнды орындаумен басталған жиында сөз алған  департамент басшысы Ерлан Мейрамханұлы жас мемлекеттік қызметшілерді Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтады.
 
– Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамайтын атрибуттарының бірі. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құндылықтарымыз, – деп атап өтті.
 
-Мемлекеттік рәміздердің әрқайсысының өзіндік орны, мән мағынасы бар, күнделікті өмірімізде рәміздерімізге деген құрметімізді өшірмей, әрқашан биік ұстауға ат салысайық,- деп атап өтті Әсия Баянқызы.
 
Филиал директоры Азамат Әбділқаилұлыда мемелекеттік қызметшілерді мерекемен құттықтап, алдағы жоба қорғауда сәттілік тіледі.
 
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілер Мемлекеттік рәміздеріміз туралы ақпараттармен бөлісіп, домбыра тартып, патриоттық ән шырқап мерекелік көңіл-күймен аяқтады.
 
Әрқашан көк Туымыз көгімізде қалықтап, Елтаңбамыз төрімізден түспей, Әнұранымыз әрдайым шырқала берсін!