Жаңалықтар

МЕМОРАНДУМ НЕГІЗНДЕ АТҚАРЫЛАТЫН ШАРАЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік  басқару академиясының  Атырау  облысы бойынша филиалы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен 2020-2025 жылдарға жасалған Меморандум негізінде ынтымақтастықты дамытуда.

Бүгін Филиал директоры Азамат Әбділқаилұлы Бекіш Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Идрисов Саламат Нұрмұханұлымен кездесті.

Кездесу барысында білім беру, ғылыми бағдарламалар шеңберінде ортақ мүдделерін айқындайтын бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу, дәрістер, оқытушылық қызметті іске асыру мақсатында профессор-оқытушылар құрамы арасында академиялық тәжірибе алмасуларды жалғастыру және университеттің 4 курс студенттерінің мемлекеттік қызметке алдын-ала тәжірибелік дағдыларын бекіту бағытында өткізілетін іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Кездесу соңында қос тарап ынтымақтастық  аясында бірлескен жобалар мен шараларды іске асыруда серіктестік қарым-қатынастың жалғасын табады деген сенімдерін білдірді.