Жаңалықтар

«ОБЪЕКТИВТІ ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ»

2024 жылғы 16-20 қыркүйек аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Объективті деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың басты мақсаты – семинар нәтижесі бойынша тыңдаушылар деректер негізінде тиімді басқарушылық шешімдерін қабылдау бойынша кәсіби құзыреттіліктер мен тәжірибелік дағдыларды дамыту.

Қатысушылар заманауи технологиялар мен құралдарды пайдалана отырып, деректерді жинау және өңдеу тәсілдерін меңгеріп, графиктер, гистограммалар және сипаттамалық статистика негізінде ақпараттарды талдау әдістерін үйренді.

Семинардың практикалық бөлімі қатысушылардың өз дағдыларын нығайтып, нақты мысалдармен жұмыс істеуіне арналған. Мемлекеттік басқаруда деректерді дұрыс пайдалану шешім қабылдау сапасын айтарлықтай арттырып, ұйымдардың стратегияларын жетілдіруге ықпал етеді.

Оқу бағдарламасының соңында тыңдаушылар деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау бойынша тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп, осы бағытта кәсіби құзыреттіліктерін арттырды.