Бүгін Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі имамдардың (теологтардың) рөлі» тақырыбындағы Атырау облысы бойынша дін қызметкерлеріне (имамдар, наиб имамдар, ұстаздар) арналған біліктілікті арттыру семинары аяқталып, қатысушыларға сертификат табысталды.
Семинардың мақсаты – діни саладағы сауатты артырып, имамдардың қоғамдағы рөлін көтеру.
Семинар барысында қатысушыларға байланыс стратегиясын құрудың негізгі принциптері, коммуникация орнатудағы кедергілер, аудиторияға ықпал ету тәсілдері, сондай-ақ қоғамдық қатынастарды басқару жүйесі мен сөз сөйлегеннен кейінгі өзіндік рефлексия: талдау, бағалау, қателерді түзету түсіндірілді.
Аталған семинар қызметті басқару, ынтымақтастық, тиімді коммуникацияларды құру, өзін-өзі дамыту, дербестік және шешім қабылдау дағдыларын арттыруға мүмкіндік берді.