Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Атырау облысы бойынша филиалы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп, Атырау облысы бойынша дін қызметкерлеріне (имамдар, наиб имамдар, ұстаздар) ағымдағы жылдың 24-28 маусым аралығында «Өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі имамдардың (теологтардың) рөлі» тақырыбында 5 күндік біліктілікті арттыру семинары басталды.
Мақсаты – өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі имамдардың (теологтардың) рөлін көтеру және жұртшылық алдында әсерлі сөз сөйлеу мәдениетін, кәсіби құзіреттіліктер мен тәжірибелік дағдыларды дамыту, біліктілігін арттыру.
Семинардың ашылу салтанатына Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Мусаев Қаһарман Рақметұлы және ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, облыстық «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысты.
Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуде бұл семинардың маңыздылығына тоқталып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Келесі болып сөз алған ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, облыстық «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы дін қызметкерлерінің зейіндерінің ашылып, білімдерінің артуына тілектестігін білдірді.
Семинар барысында қатысушыларға байланыс стратегиясын құрудың негізгі принциптері, коммуникация орнатудағы кедергілер, аудиторияға ықпал ету тәсілдері, сондай-ақ қоғамдық қатынастарды басқару жүйесі мен сөз сөйлегеннен кейінгі өзіндік рефлексия: талдау, бағалау, қателерді түзету түсіндіріледі.