Жаңалықтар

Өңірдің тұрақты дамуын басқару (өңірлік компонент)

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Атырау облысы бойынша филиалында 2023 жылғы 11-15 қыркүйек аралығына жоспарланған  «Өңірдің тұрақты дамуын басқару» тақырыбында біліктілік арттыру семинары басталды. Семинар барысында:

  • Мемлекеттің өңірлік дамуды жоспарлау бойынша саясатының негізгі аспектілері;
  • Өңірдің тұрақты даму қағидаттары. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығы;
  • Өңірдің даму факторлары. Өңір дамуының баламалы нұсқаларын таңдау.
  • Әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз етуде өңірлердің алдында тұрған мәселелер;
  • Болжау – өңірдің тұрақты дамуын басқару құралы ретінде дәріс тақырыптары қарастырылады.

Семинар жұмысының алғашқы дәріскері – Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы Экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы Шмалиев Ермек Серікұлы.