Жаңалықтар

«ОЙЛАУ ДИЗАЙНЫ – МӘСЕЛЕНІ ШЕШУДЕГІ ӘЛЕМДІК ТРЕНД»

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында 2022 жылға арналған жоспар-кестеге сәйкес «Ойлау дизайны және адамдарға бағдарлану» тақырыбында онлайн форматта біліктілікті арттыру семинары өтуде.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметте ойлау дизайны және адамдарға бағдарлану қағидаттарын қолдану бойынша тыңдаушылардың кәсіби және тәжірибелік құзыреттіліктерін арттыру болып табылады.

Дәріскерлер:
Нұртілеуова Жаннат Асылбекқызы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры

Джетписова Алия Байтілеуқызы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты

Молдабеков Еркебұлан Байғалиұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының аға оқытушысы

Құзыреттіліктердің 4 бағытын: «инновативтілікті», нәтижелерге қол жеткізуді», «стратегиялық ойлауды», «шешім қабылдауды» дамытуға бағытталған 5 күндік семинар барысында тыңдаушылар инновациялық шешімдер, идеялар алудың креативті әдістерінің бірі ойлау дизайнын қолдануды меңгеретін болады.