2024 жылғы 30 қыркүйек пен 18 қазан аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы ұйымдастырылды. Бұл курс мемлекеттік қызметшілердің жеке және кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталды, осылайша олардың қызметтегі тиімділігін арттыруға ерекше мән берілді.
Оқыту бағдарламасы екі маңызды модульден тұрды:
Мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық дағдылары олардың қызметтік тиімділігінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы модуль аясында қатысушыларға өздерінің көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, уақытты басқаруға және тиімді қарым-қатынас жасауға көмектесетін тәжірибелер ұсынылды.
Мемлекеттік қызметтің кәсіби стандарттарына сәйкес қызмет атқару, заңнамалық нормаларды терең түсіну, этикалық мәселелер және мемлекеттік қызметтің негізгі принциптері бойынша кеңейтілген ақпарат берілді. Бұл модуль мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Курс соңында қатысушылар алған білімдерін нақты жобалар аясында көрсетті. Қорғауға ұсынылған жобалар әртүрлі әлеуметтік және мемлекеттік қызметке қатысты өзекті тақырыптарды қамтыды.Бұл жобалар мемлекеттік қызметшілердің әртүрлі әлеуметтік мәселелерге қатысты көзқарастарын кеңейтті, олардың қоғамның дамуындағы рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.