«Қарты бардың — қазынасы бар» демекші, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.
Қарияларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек.
Қайта даярлау курсына қатысушылар 1-қазан Қарттар күніне орай
Атырау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде қонақта болып, мерекелік шара өткізді. «Б» корпусының қайта даярлау курсына қатысушылар қарттарымызбен қызықты уақыт өткізді. Атап айтар болсақ, ән айтып, би билеп, домбыра тартып қарттарымызға әдемі көңіл-күй сыйлады. Өздерінің ақжарма тілектерін білдіре отырып, сыйлықтарын табыстады.
Қарияларымыз жас мемлекеттік қызметшілерге өз алғыстарын білдіріп, бата беріп алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Қарияларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Себебі, олардың біздің айбынды елдің адамгершілікті ұрпағы болып өмір кешуімізге, атамекеніміздің рухани бекем, рухы асқақ елге айналуына қосқан үлестері мен еңбектері ерен.
Сондықтан қазыналы қарттарымыз барда біз бақытты жастармыз. Қарттарымызды сыйлайық!