Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы – мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды іске асыратын және халықаралық білім беру стандарты негізінде мемлекеттік аппарат үшін маман дайындайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны!

Магистратура

🇰🇿Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы – мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды іске асыратын және халықаралық білім беру стандарты негізінде мемлекеттік аппарат үшін маман дайындайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны! ⠀ ✅ Ширек ғасырға жуық мерзім ішінде тиімді көшбасшылық пен басқарушылардың зияткерлік платформасы ретінде қызмет етіп келе жатқан Мемлекеттік басқару Академиясы – мемлекет пен қоғам дамуына белсенді атсалысатын, жаңаша тұрғыда ойлай алатын, еліміздің игілі мен болашағы үшін қызмет ететін талай білікті мамандардан құралған кадр даярлап шығарды. ⠀ 👉🏻Академия мемлекеттік басқаруға енгізілетін фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын кең көлемдегі ғылыми, стратегиялық және инновациялық қозғаушы күшке ие! ⠀ Бүгінгі таңда Академияда 🔸БАСҚАРУ🔸САЯСАТ 🔸ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС бағытында білім беруді жүзеге асырытын 👨🏻🎓10 МАГИСТРЛЫҚ және 🎓3 ДОКТОРЛЫҚ бағдарлама бар. ⠀ 📚Академияда білім алу – мемлекеттік қызметшілер үшін жеке құзыреттіліктері мен дағдыларын арттыруда үлкен мүмкіндік: ⠀ ✅ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫ КӨЛЕМІНДЕГІ ШӘКІРТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ ✅ӘЛЕМНІҢ ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ БОЛАДЫ✅ЕЛІМІЗДІҢ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРІНЕН КЕЛГЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАР ЖАТАҚХАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ ✅АКАДЕМИЯДАҒЫ ОҚУ УАҚЫТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ӨТІЛІНЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ ✅ЖҰМЫС ОРНЫ САҚТАЛАДЫ❗️Үміткерлерге қойылатын ең негізгі, әрі басты басты талаптардың бірі – ағылшын тілін білу! ⠀ 👨🏻💻👩🏻💻Сондай-ақ, білім алушылар Академия жанындағы зерттеу орталықтарының жұмысына қатысып, мемлекеттік сектордағы жобалық менеджмент бойынша сертификатталған сарапшылардың менторлығымен өз жобаларын жүзеге асыра алады! ⠀ 👍🏻Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлерге арналған жалғыз жоғары оқу орнына құжат тапсырып, үлкен мүмкіндікке ие болыңыз! ⠀ 🌏Құжаттарды әлемнің кез келген нүктесінен ОНЛАЙН түрде тапсыруға болады. Бағдарламаның толық нұсқасын Академия сайтынан көре аласыз WWW.APA.KZ ⠀ 🌐www.apa.kz; 📩admissions@apa.kz ☎️+7 (7172) 753395 ⠀ #infoDayAPA #APA #Academy #госуправление #госслужба #мемлекеттікқызмет #госслужащие #академиягосуправления #мемлекеттікқызметші #адгс

Опубликовано Филиал Академии госуправления при Президенте РК по Атырауской области Понедельник, 6 апреля 2020 г.