Бүгін, 1-5 тамыз аралығындағы филиалдың «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің тәжірибелік аспектілері» тақырыбындағы онлайн форматта семинар басталды.
Бүгінгі күннің дәріскерлері:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының профессоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры, мемлекеттік және жергілікті басқару саласының PhD докторы Муксимов Салауат Сыйлыбайұлы
Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Қорабаев Ермек Ерланұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Тілдік құзыреттілікті дамыту кабинетінің аға оқытушысы Ақтанова Ляззат Пернебекқызы
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ережелерін іс жүзінде қолдану бойынша кәсіби құзіреттіліктерін дамытып, төмендегідей пункттерді игереді:
Қызметті басқару
Шешімдер қабылдау
Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
Жеделдік
Көшбасшылық
Семинар тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!