2024 жылдың 9-13 қыркүйек аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Құқықтық мәдениет және сауаттылық» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің заңнамалық талаптарға сай, тәжірибелік тұрғыдан тиімді нормативтік құқықтық актілердің (НҚА) жобаларын әзірлеу дағдыларын дамыту. Бұл шара мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Семинар аясында келесі тақырыптар қарастырылды:
– нормативтік құқықтық актілердің тиімділігін арттыру үшін оларды дұрыс жоспарлау мен мақсаттарын айқындау тәсілдері талқыланды.
– тиімді нормативтік құжаттарды дайындау үшін ақпараттық дереккөздерді дұрыс пайдалану және талдау жүргізу маңыздылығы үйретілді.
– құжаттарды рәсімдеу, ресми стильде жазу тәсілдері түсіндірілді.
– нақты мысалдар арқылы құқықтық актілердің тиімділігін бағалау және тәжірибеде қолдану жолдары қарастырылды.
Семинар барысында қатысушылар нормативтік құқықтық актілерді әзірлеудің әр кезеңін тереңірек меңгеріп, тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін нығайтты.