ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНДА АКАДЕМИЯҒА ОҚУҒА ТҮСУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ СЕССИЯ ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін Филиал директоры Еркебұлан Ғабдығапаров Құрманғазы ауданында жұмыс сапарымен болды.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Қайрат Булековпен Құрманғазылық мемлекеттік қызметшілер және квазимемлекеттік сектор ұйымдары мамандарымен бірге жиын өткізіп, Академияда білім алудың артықшылықтарына тоқталып өтті.
Жиын барысында Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы оқуға түсу талаптарымен таныстырып, бағдарламалар туралы презентация жасады.
Аталған жиында Академия түлегі Жігер Махмудұлы сөз алып, оқу ордасында алған әсерімен бөлісіп, қатысушыларды мүмкіндікті пайдаланып, білімдерін жетілдіруге шақырды.
Еске сала кетейік, Академияға оқуға түсу үшін құжаттар 01 сәуір мен 26 маусым аралығында қабылданады.
Іріктеудің алғашқы кезеңі – Аналитикалық эссе жазу 29 маусымда нақты уақыт режимінде өтеді.
Қорытынды кезең – Сұхбат – 1-20 шілде аралығында Академия қабырғасында офлайн форматта өтеді.
Толық ақпаратпен www.apa.kz сайтында танысуға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram