Аталмыш тақырыпта бүгін филиалда орталық атқарушы мемлекеттік органдары қызметкерлеріне біліктілік арттыру семинары басталды.
⠀
Семинар мақсаты – тыңдаушылардың қызмет тиімділігін арттыруда кәсіби құзыреттер мен тәжірибелік дағдыларын дамыту.
Семинар барысында:
-Бастамашылдық және бастамашылдық ұғымы;
-Бастаманың даму кезеңдері;
-Бастамашыл адамның қасиеттері және бастама белгілері;
-Адамның мінез-құлық стилі;
-Жұмыс үдерісіне ынталану құралдары;
секілді кәсіби және тәжірибелік құзіреттіліктерді меңгереді.
Бастамашылдық және бастамашылдық ұғымы.Бастамашыл адамның қасиеттері және бастама белгілері, адамның мінез-құлық стилі.Жұмыс үдерісіне ынталану құралдары туралы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Иманғалиева Нұрсұлу Темірболатқызы бөлісті.
Мемлекеттік қызметшінің құзыреттілігін дамыту: Бастамашылдық.Тәжірибелік кейстерді талдау тақырыбында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы облысы бойынша филиалының профессоры Джетписова Алия Байтілеуқызы баяндады.
⠀
Дәріс барысында тыңдаушылар бастамашылдық ұғымы және тиімді бастамашылдыққа қажет дағдылар мен құралдар бойынша интерактивті пікірталастарға қатысты, сұрақтар қойып, өзара жауап алмасып, белсенді түрде қатысты.
Сонымен қатар,семинар соңында тыңдаушыларға жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2022 жылға арналған Академияның оқуға қабылдау ережелері туралы ақпараттық сессия өткізілді.