Жаңалықтар

Сәлеем @apa.kz онлайн-оқырмандары! Ал, біз өздеріңізге жақсы таныс айдарларымыздың бірінен ақпарат ұсынуды жалғастырамыз! ⠀ #Академия_филиалдары айдарының кезекті саны Атырау облысына арналады! Филиал 2017 жылдың 14 қыркүйегінен бастап қызмет атқарып келеді.

👋🏻Сәлеем @apa.kz онлайн-оқырмандары! Ал, біз өздеріңізге жақсы таныс айдарларымыздың бірінен ақпарат ұсынуды жалғастырамыз!⠀#Академия_филиалдары айдарының кезекті саны Атырау облысына арналады! Филиал 2017 жылдың 14 қыркүйегінен бастап қызмет атқарып келеді.⠀🎯Филиалдың негізгі мақсаты – мемлекеттің стратегиялық міндеттерін тиімді шеше алатын инновациялық, стратегиялық ойлауға қабілетті мемлекеттік қызметшілерді өзгермелі әлем талаптарына сай даярлау.⠀📚Филиал мемлекеттік және азаматтық қызметшілер үшін, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің, жеке тұлғалардың да кәсіби біліктілігін арттыруға арналған семинарларды, қайта даярлау курстарын ұйымдастырады👇🏻:⠀1️⃣.Мемлекеттік сектордағы инновация және өзгерістерді басқару2️⃣.Жобалық менеджмент3️⃣.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент4️⃣.Халық үніне құлақ асатын мемлекет: тиімді коммуникациялар5️⃣.Стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу6️⃣.Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту7️⃣.Мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттіліктері8️⃣.Латын графикасы негізіндегі ресми жазылым9️⃣.Жеке тиімділік стратегиясы: көшбасшылық, эмоционалды интеллект және тайм-менеджмент🔟. Мемлекеттік қызметшілерге арналған сторителлинг⠀👉🏻Сонымен қатар, Филиал ұжымы:🔹мемлекеттік қызмет саласындағы құрметті зейнеткерлерге арналған"Úlkennen sharapat" атты әлеуметтік жобасын;🔹ерекше балаларға, ата-аналарына арналған семинар, тренингтер;🔹ағылшын, ресми тілдерді деңгейлетіп оқыту, тілдік құзыреттіліктердіартыратын арнайы курстар ұйымдастырып келеді.⠀✍🏻Ағымдағы жылы Академия ректоры – Ерлан Әбіл Атырау өңіріндегі қызметтік іссапары барысында мемлекеттік қызметшілердің мансаптық, кәсіби өсуі жолындағы әлеуетін дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан Академия мен Атырау облысы әкімдігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.⠀👨🏻‍💻👩🏻‍💻Қайта даярлау курстары мен біліктілік арттыру семинарларының жоспар-кестесімен төмендегі сайтқа өту арқылы таныса аласыздар:🌐atr.apa.kz.⠀#атырау#атырауоблысы#атыраускаобласть#академияврегионах

Опубликовано Филиал Академии госуправления при Президенте РК по Атырауской области Вторник, 5 мая 2020 г.