Академияның магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларын бойынша Филиал қызметкерлерінің Атырау облысы аудандарының мемлекеттік қызметшілерімен кездесулер жалғасуда.
-Халықаралық тағылымдамадан өту мүмкіндігі;
-Қос дипломды білім алу мүмкіндігі;
-Әлеуметтік және кәсіби нетворкингтің дамуы,өзара оқыту(peer learning)
-Қызметтік жалақы көлемінде стипендия;
-Жұмыс орнының, лауазымның сақталуы
және тағы басқа Академияда оқудың артықшылықтары, қабылдау ережелері бойынша Атырау облысы бойынша филиалының басшысы Бекіш Азамат Әбділқаилұлы мен Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы Индербор аудандарының мемлекеттік қызметшілерімен ақпараттық сессия өткізді.
Ақпараттық сессияның алғы сөзін Индербор ауданы əкімі аппаратының басшысы Мурзин Артур Табылдыұлы ашты.
Ақпараттық сессияда оқуға қабылдау ережелеріндегі соңғы өзгерістер, конкурстық іріктеу кезеңдері бойынша түсінік беріліп, кітапшалар таратылды.
Өзін-өзі дамыту және кәсіби өсу жолындағы мүмкіндікті жібермегеніңіз жөн.
СӘТТІЛІК!
⠀
Құжаттар Академияның www.admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжаттарды жүктей отырып, 23 шілдеге дейін қабылданатындығын естеріңізге саламыз.
?Сонымен қатар, оқуға қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз!
Академия бейінді магистратура бойынша білім беру бағдарламаларына оқуға түсу үшін ағылшын тілін тапсыру бойынша талапты алып тастағандығын хабарлаймыз.
Ағылшын тілін білу деңгейін растайтын сертификатты ұсыну бойынша талап келесі білім беру бағдарламалары үшін алынып тасталды:
▪️MPA
▪️MPP
▪️MRD
▪️EMPA
▪️MACP
▪️ME
▪️MHRM
‼️MIR, EMBA, DIR, DPA, DE білім беру бағдарламаларына үміткерлер үшін халықаралық сертификаттардың (IELTS немесе TOEFL немесе IELTS INDICATOR, APTIS**, TOEIC, PIPPLET) бірін ұсынуға қатысты талаптар өзгеріссіз қалады:
▪️MIR – IELTS кемінде 4,0 (В1);
▪️EMBA, DIR, DPA, DE – IELTS кемінде 5,5 (В2).
Академияда оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!