Академияның Атырау облысы бойынша филиалында 1-5 шілде аралығында «Шиеленістерді реттеу және этномедиация» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
Семинардың мақсаты – этносаралық шиеленістерді реттеу саласында тәжірибелік дағдылар мен құзіреттіліктерді дамыту.
Семинар барысында тыңдаушылар шиеленістердің эскалациясы, шиеленістің көрінуінің негізгі кезеңдері мен формалары және этносаралық шиеленістер туындаған кезде татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша интерактивті пікірталас өткізді.
Аталған семинарда қатысушылар жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының құқық қорғау органдарымен және азаматтық қауымдастықпен бірлескен жұмыс нысандары мен тәсілдері негізінде пікір алмасты.