Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында ағымдағы жылдың 16 қазанынан бастап «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау»тақырыбында Мақат ауданында көшпелі біліктілік арттыру семинары басталды.
Мемлекеттік қызметшілер семинар нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтармен күрес саласындағы кәсіби құзіреттіліктер мен тәжірибелік дағдыларын дамытады.