22-26 қаңтар аралығында Құрманғазы ауданында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» тақырыбында көшпелі біліктілік арттыру семинары өтті.
Семинар нәтижесі бойынша тыңдаушылар сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтармен күрес саласындағы кәсіби құзіреттіліктер мен тәжірибелік дағдыларын дамытты.
Семинар тыңдаушылары «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына кітаптарын сыйға тартып, ризашылықтарын білдірді.