Жаңалықтар

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС МЕКТЕБІ» АЯСЫНДА СЕМИНАР

Комплаенс қызметтердің құзыретін кеңейту және ISO 37001-2017 жемқорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесін енгізу мақсатында 18 маусым күні ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесе алғаш рет Атырау облысының квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырды.

Семинарға квазимемлекеттік сектордың бірінші басшылары мен комплаенс қызметкерлері қатысты.

Комплаенс қызметтері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Комплаенс қызметкерлеріне заң үстемдігіне, өзара сенім мен ашықтыққа негізделген бизнес-процесстерін дамыту миссиясы жүктелген.
Комплаенс қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында өткізілген бұл семинарда Академия қызметкерлері ISO 37001-2017 жемқорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі, талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс құру, іскерлік этика термині және комплаенс стратегиясының орындалу барысы туралы түсінік берілді.

Айта кету керек, ISO 37001-2017 «Жемқорлыққа қарсы күрес күрес менеджмент жүйесі» халықаралық стандарты болып табылады, ол ұйымдарға халықаралық деңгейде мойындалуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Стандарт талаптарды белгілейді және ұйым ішінде парақорлықпен күрес жүйесін құру, енгізу, қолдау және жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтиды. Стандарт сыбайлас жемқорлыққа ғана қолданылады және мынадай мәселелерді қарастырады:
-ұйым тарапынан немесе оның атынан не оның мүддесі үшін әрекет ететін ұйым қызметкерлері тарапынан парақорлық;
-ұйымның атынан немесе оның мүддесі үшін әрекет ететін ұйымның іскер серіктестерінің парақорлығы;
-ұйымды параға шығу;
-ұйым қызметіне байланысты ұйым қызметкерлерін параға шығу;

-ұйымның қызметіне байланысты ұйымның іскери серіктестерін параға сатып алу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша бірінші орынбасары Нұрлан Жахин баяндады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Мирас Қарғабай онлайн қосылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа шолу жасап, реформалар мен жоспарланған новеллалар бойынша презентация жасады.