Жаңалықтар

ТРЕНЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ КОНКУРСЫ ӨТТІ

2025 жылғы 27 қаңтарда Академияның Атырау облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша дәріс оқитын тренерлерді іріктеу конкурсы өтті.
Мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейін көтеруде кәсіби, заманауи тәсілдерді меңгерген мамандарды тарту.
Академия, Атырау облысы әкімдігі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері комиссия құрамында болып, үміткерлерді бірқатар маңызды аспектілер бойынша бағалады. Негізгі басымдық тәжірибеге бағытталған тәсілдерге берілді.
 Іріктеу конкурсында білім мен тәжірибеге ғана емес, үміткерлердің жаңашылдығы, аудиториямен жұмыс істей білу қабілетіне де ерекше назар аударылды.