Жаңалықтар

«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы өтті

2022жылдың 15 тамызы күні Атырау қаласында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің @elgeqyzmet.atyrau ұйымдастыруымен, «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастырудың өзектілігін ескере отырып және ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №167-р өкімімен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасының 82 тармағына сәйкес.
 
Конкурстың мақсаты – қызмет барысында жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу.
 
«Үздік ауыл әкімі» атағы үшін конкурсқа түскен ауылдық округ әкімдері тізімдері:
Жанболат Самиголлаевич Гизатов – Индер ауданы, Бөдене ауылдық округі әкімі
Роза Шамаровна Камзаева – Құрманғазы ауданы, Сафон ауылдық округі әкімі
Мереке Василийұлы Ескалиев – Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылдық округі әкімі
Қонсалы Шапайұлы Төлеуов – Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі
 
Конурстың міндеттері:
 
Ауыл әкімдерінің, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру;
Қоғамның мемлекеттік билікке деген сенімін нығайту;
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін кең ауқымда насихаттау.
Үміткерлерімізге сәттілік тілейміз.