Осы тақырыпта ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында Development Day шарасы өткізілді.
«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» дейді Алаш арысы Әлихан Бөкейхан.
– Жоғары рухани жауапкершілік
– Кәсіптік білім және де оларды тәжірибеде қолдана білу
– Адалдық
– Белсенді өмір позициясы
Осы сынды қасиеттер бүгінгі заманауи мемлекеттік қызметшінің бойынан табылуы тиіс.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Экономика және мемлекеттік басқару» факультетінің 3 курс студенттерімен «имидж», «мемлекеттік қызмет», «мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру» аясында ой қозғалып, теориялық тұрғыда түсіндірілді.
⠀
Шара соңында семинар тыңдаушылары және студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс – пікірлер айтылды.