Жаңалықтар

Жаңа апта жаңа семинармен

«ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ» тақырыбында семинар басталды.

Бүгін аталмыш тақырыпта филиалда бөлім басшыларына 5-9 қыркүйек аралығында өтетін 5 күндік біліктілік арттыру семинары басталды.

Семинардың негізгі мақсаты жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау, тұжырымдамалық негіздері, модельдері, құралдары бойынша мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзіреттіліктерін және тәжірибелік дағдыларын арттыру.

Бүгін семинардың алғашқы күні өтті. Семинарды филиал директоры Бекіш Азамат ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинардың лекторы Сарманов Нұрболат Әлібекұлы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдері басқармасының басшысы, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.