Жаңалықтар

ЖАС БАСШЫЛАР ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫНАН ӨТТІ

2025 жылғы 7–25 сәуір аралығында Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы өтті.

Оқыту бағдарламасының басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құзыреттіліктерін арттыру, кәсіби байланыстарды нығайту және ұжымдық тиімділікке негізделген жаңа жұмыс тәсілдерін үйрету. Soft skills бағытындағы пәндер мен практикалық сессиялар арқылы қатысушылар өздерінің мықты тұстарын анықтап, даму бағытын нақтылады. Бұл курс жас басшылар үшін тек білім алу емес, өзара тәжірибе алмасу мен кәсіби желіні кеңейту алаңына айналды.

 Жоба қорғау кезеңі – теорияны практикамен ұштастыруға арналған маңызды сәт болды. Қатысушылар өз жобаларында нақты шешімдерді ұсынып, оларды іске асырудың тиімді жолдарын көрсетті. Бұл жұмыс олардың проблемалық ойлау мен шешім қабылдау дағдыларын айқындай түсті.