Жаңалықтар

Жобалық басқаруды енгізу туралы басқарушы комитет отырысы өтті

Бүгін Атырау облыстық әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен Атырау облысында жобалық басқаруды енгізу туралы басқарушы комитет отырысы өтті.
 
Комитет отырысына ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы директоры Азамат Бекіш қатысты.
 
Жиын барысында жобалық басқаруды енгізу туралы баяндамалар тыңдалып, алдағы уақытта жобалық басқару жұмыстары бойынша Филиал және Атырау облысы әкімдігі, Облыс әкімінің аппараты жобалық басқару қызметін үйлестіру бөлімімен бірге атқарылатын жұмыстар жоспары талқыланды.