Жаңалықтар

«Жобалық менеджмент. ҚР СТ ISO 21500-2014 бойынша сертификаттауына дайындық» тақырыбындағы біліктілік арттыру семинары өз жұмысын бастады

2022 жылғы 3 қазан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында бірқатар жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне «Жобалық менеджмент. ҚР СТ ISO 21500-2014 бойынша сертификаттауына дайындық» тақырыбындағы біліктілік арттыру семинары өз жұмысын бастады.
 
Бұл семинарды жүргізетін – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалдың білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің аға оқытушысы Хаирова Гүлназым Серікқызы.
 
Семинардағы мақсат ҚР СТ ISO 21500-2014 бойынша сертификаттаудан табысты өту үшін кәсіби құзіреттіліктер мен тәжірибелік дағдыларды дамыту.
 
Қазіргі таңда нәтижелер бойынша басқару жүйесін енгізу өзекті болып табылады, осыған орай ең тиімді құралдардың бірі жобалық басқару ұсынылады.
 
Халықаралық менеджмент жүйелері ішкі және сыртқы ортада болатын өзгерістерге жедел реакция беруге, қызмет мақсаттары мен басты көрсеткіштеріне қол жеткізу үрдістерін тиімді басқаруға ықпал етеді. Сондықтан семинарға қатысушы әріптестеріміз жобаларды табысты жүзеге асыруға қол жеткізеді деп сенім білдіре отырып, сертификаттауда сәттілік тілейміз!