Жаңалықтар

ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ: ҚР СТ ISO 21500-2014 сертификаттауына дайындық

Бүгін филиалда жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне кезекті 5 күндік біліктілік арттыру семинары басталды.

Семинарға қатысушылар ҚР СТ ISO 21500-2014 бойынша сертификаттаудан табысты өту үшін кәсіби құзыреттіліктер мен тәжірибелік дағдыларды дамытады. Сонымен қатар, семинар барысында:

Мемлекеттік секторға жобалық менеджментті енгізу;
ҚР СТ ISO 21500-2014 ұлттық стандарты;
Адамдар және процестер. Жобалық менеджердің құзыреттері;
Жобаның шектеулері. Процестер. Процесс топтары;
Негізгі енгізулер мен шығарулар. Құжаттама
бағытындағы тақырыптарды меңгереді.
 
Дәріс барысында тыңдаушылар жобалық басқарудағы шетелдік стандарттары мен басқару деңгейлеріне шолу жасап, интерактивті пікірталасқа белсенді түрде қатысты.