Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері «Жобалық менеджмент» ҚР СТ ISO 21500-2014 стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша сертификаттау емтиханын тапсырды.
Емтиханды арнайы шақыртылған ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының жетекші сарапшысы Ғибрат Қызыр өткізді.
Айта кетейік, емтиханға қатысушы 20 кандидат Атырау облысы бойынша филиалында 03-07 қазан аралығында өткізілген «Жобалық менеджмент» ҚР СТ ISO 21500-2014 стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша 5 күндік біліктілік семинарына қатысқан болатын.