2024 жылғы 6 қыркүйек күні Жылыой ауданында Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының тапсырысымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы ұйымдастырған «Республикалық референдум: құқықтық негіздері, референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында бір күндік біліктілікті арттыру семинары өтті. Семинарға Жылыой аудандық аумақтық және учаскелік референдум комиссиясының 100-ден астам өкілдері қатысты.
Семинардың басты мақсаты – референдум процесінің құқықтық негізгі ережелерімен, аумақтық, учаскелік референдум комиссияларының республикалық референдум өткізу және ұйымдастыру кезіндегі құқықтық негіздерімен танысу.
Семинар барысында референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерімен жұмыс, дауыс беру күніне дайындық және дауыс беру қорытындысын шығару бойынша маңызды тақырыптар талқыланды. Референдумды қаржыландыру және мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша да арнайы секциялар ұйымдастырылды.
Практикалық бөлімде қатысушылар рөлдік ойындар арқылы дауыс беру учаскелеріндегі жағдайларды моделдеп, түрлі кейстермен жұмыс істеді. Семинар соңында тыңдаушылар тестілеуден өтті.