Жаңалықтар

“Б” корпусының әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы басталды

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Атырау облысы бойынша филиалында “Б” корпусының әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы басталды.
Курс мақсаты – мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзыреттерді дамыту.
Курс барысында тыңдаушылар:
-Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық;
-Жобалық және цифрлық мемлекеттік басқару;
-Тиімді коммуникациялар;
-Өңірлік компонент
секілді кәсіби және тәжірибелік құзіреттіліктерді меңгереді.
Ресми мәтін және жазылым дағдылары туралы филиалдың штаттан тыс лекторы, педагогика ғылымдарының магистрі Нұртілеуова Жаннат Асылбекқызы бөлісті.
Коммуникативті менеджмент аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Молдабеков Еркебұлан Байғалиұлы дәріс оқып, тыңдаушылар топтарға бөлініп, интерактивті пікірталасқа белсенді түрде қатысты.
Дәріс барысында тыңдаушылармен коммуникативті менеджмент, көшбасшылық, ресми мәтін және жазылым дағдылары бойынша топтық және жеке жұмыстар жүргізіліп, сұрақтар қойылды, жауап алмасып, қарқынды түрде қатысты.
Сонымен қатар, курс тыңдаушыларына соңында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2022 жылға арналған Академияның оқуға қабылдау ережелері туралы ақпараттық сессия өткізілді.