2024 жылғы 26-29 тамыз аралығында Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Е-Өтініш: азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді азаматтардың электрондық өтініштерін қарау және өңдеу бойынша кәсіби құзыреттіліктерін дамтыу.
Шара барысында қатысушыларға «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің қағидаттары, негізгі ерекшеліктері және электрондық өтініштермен жұмыс істеу барысында туындайтын мәселелер туралы толыққанды мәліметтер берілді. Семинардың теориялық бөлімі практикалық жаттығулармен толықтырылды, бұл өз кезегінде қатысушыларға жаңа білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді.
Семинардың тағы бір маңызды бөлігі – тараптармен қарым-қатынаста эмоционалды манипуляцияға төтеп беру, қызмет көрсетушінің күйзеліске төзімділігін қалыптастыру болды.
Қатысушылардың пікірінше, бұл семинар мемлекеттік органдардағы жұмыс сапасын арттыруға және азаматтармен тиімді кері байланыс орнатуға көмектеседі.