Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында 2023 жылдың  04-22 қыркүйек аралығына жоспарланған «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау курсы басталды. Қайта даярлау курсы танысу тренингімен басталып, оқу бағдарламасына сәйкес интерактивті әдіс-тәсілдер негізіндегі дәрістермен жалғасты:

– Коммуникативті менеджмент;

– Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды басқару;

– HR менеджмент;

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылық;

– Жобалық менеджмент: бағдарлама және портфель деңгейлері