Жаңалықтар

1 наурыз – Алғыс айту күні!

Бүгін көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Алғыс айту күнін филиал ұжымы «Жобалық менеджмент: ISO CT 21500-2014 сертификаттауына дайындық» семинарының тыңдаушыларымен бірге қарсы алды.

Дәріскеріміз Айгүл Базарбайқызы мерекенің тарихымен таныстырып, семинар тыңдаушлырына алғысын айтып, алдағы сертификаттау емтиханына сәттілік тіледі.
 
Іс-шара соңында тыңдаушлыларымызда бір-біріне алғыстарын білдіріп, таңғы көңіл-күй сыйлады.
 
Бізбен бірге болғандарыңызға мың алғыс! Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!