Жаңалықтар

14 наурыз күні Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Көрісу күні – Амал мерекесі» атап өтілді.

АМАЛ КЕЛДІ – ЖЫЛ КЕЛДІ!

14 наурыз күні Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Көрісу күні – Амал мерекесі» атап өтілді.

Көктемгі жаңару мен халықтың ауызбіршілігінің символы болып табылатын Амал мерекесі аясында Филиал директоры Еркебұлан Серікұлы мен қызметкерлердің бастамасымен Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті мен семинар тыңдаушыларына арнайы барып, қол алысып, төс қағыстырып, мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, Қасиетті Рамазан айында Ораза тұтып, ниет еткен әріптестерге ауызашарға шағын дәм дайындап, сыйға тартты.

Бірлік күшейіп, береке молаятын мейрам – Көрісу күні құтты болсын! Халқымызға – ынтымақ, елімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз!