Жаңалықтар

“Жобалық менеджмент”ҚР СТ ISO 21500-2014 стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша сертификаттау емтиханын тапсырды

 

 
 
Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері “Жобалық менеджмент”ҚР СТ ISO 21500-2014 стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша сертификаттау емтиханын тапсырды.
 
Емтиханды Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы шақыртылған ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығы Басшысының орынбасары Халбаев Ержан Әбдалыұлы
өткізді.
 
Емтиханға қатысушы 30 кандидат Атырау облысы бойынша филиалында 18-22 шілде аралығында өткізілген “Жобалық менеджмент” ҚР СТ ISO 21500-2014 стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша біліктілік арттыру семинарына қатысып,білімдерін шыңдаған болатын.