Жаңалықтар

«Мемлекеттік қызметшінің болмысы» тақырыбында development day өткізілді

Бүгін «Жобалық менеджмент: ISO 21500-2014 сертификаттауына дайындық» семинарының қатысушыларына «Мемлекеттік қызметшінің болмысы» тақырыбында development day өткізілді.

Development day-дің бүгінгі қонағы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Айнұр Аманжолқызы.

Спикеріміз мемлекеттік қызметте мемлекеттік қызметшінің әдебі, оның болмысы жөнінде ақпараттар беріп өтті.
 
Тыңдаушылар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, қонағымызға алғысын білдірді.
 
Семинар тыңдаушыларына бүгінгі сертификаттау емтиханына сәттілік тілейміз!