2022 жылдың 16-20 мамыр аралығында Жылыой аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбында біліктілік арттыру семинары өткізілді.
Кезекті семинар жаңа сын-қатерлер мен қазіргі нақтылық жағдайында тиімді қызмет ету үшін барлық деңгейдегі депутаттардың кәсіби құзіреттері мен тәжірибелік дағдыларының деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Арнайы шақырылған дәріскерлер: Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы
Молдабеков Еркебұлан Байғалиұлы
Сарманов Нұрболат Әлібекұлы
Нұртілеуова Жаннат Асылбекқызы
Тыңдаушылар сабақтың келесі тақырыптары бойынша тәжірибелік кейстерді талдады:
-Заңнамалық қызмет;
-Тиімді депутаттық қызметті ұйымдастыру;
-Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа архитектурасы;
-Бюджет үдерісіндегі заманауи тәсілдер;
-Ресми-іскерлік, публицистикалық жазылым дағдылары;
-Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары. Шешендік өнер;
-Әлеуметтік медиадағы коммуникациялық менеджмент.