Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
Атырау облысы бойынша филиалы 2024 жылға мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен біліктілік
арттыру семинарлары бойынша дәріс жүргізуге дәріскерлерді конкурсқа шақыратындығын хабарлайды
«Б» корпусының әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының пәндер тақырыптары:
- Басшының витальді және эмоционалды интеллекті
- Көпшілік алдында сөйлеу
- Басқарушының сөз мәдениеті
- Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу
- Guest Talk мотивациялық кездесу
- Практикалық аналитика
- Коммуникациялық менеджмент
- Стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу
- Деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау
- Жобалық менеджмент
- Мемлекеттік органдардағы цифрландыру
- Өңірде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
- Басқарушылық коучинг
- Өзгерістерді басқару
- Басшыларға арналған стратегиялық HR
- Көшбасшылық. Pro-белсенді басшы
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының пәндер тақырыптары:
- Бастамашылдық және жауапкершілік
- Тайм-және стресс-менеджмент
- Коучинг
- Guest Talk мотивациялық кездесуі
- Витальді және эмоционалды интеллект
- Әдеп және парасаттылық
- Ойлау дизайны және адамдарға бағдарлану
- Практикалық аналитика
- Кәсіби коммуникациялар
- Стратегиялық менеджмент
- Деректерді талдау
- Шешендік өнер. Презентацияларды дайындау
- Жобалық менеджмент
- Ресми жазылым
- E-Otinish. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс
- Өңірде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
Біліктілік арттыру семинарларының тақырыптары:
- Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл құралдары
- Ойлау дизайны және адамға бағдарланған трансформация
- Мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформация
- Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық
- Жобалық менеджмент. ҚР СТ ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификаттауға дайындық
- Бюрократиядан арылту және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру
- Белгісіздік дәуіріндегі трансформациялық көшбасшылық
- Эмоционалды және витальді интеллект
- Тиімді коммуникациялар
- Кәсіби әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық
- Әйелдер көшбасшылығы
- Сыни тұрғыдан ойлау және инновация: жаңа шешімдер мен тәсілдер
- Креативті индустриядағы тенденциялар мен инновациялар: мемлекеттік органдар үшін перспективалар
- Шиеленістерді реттеу және этномедиация
- Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары
- Құқықтық мәдениет және сауаттылық
- Объективті деректер негізінде басқарушылық шешімдерін қабылдау
- Е-өтініш: азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу
- Проактивті ойлау және жеке тиімділік
Кешкі тілдік курстар:
- Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту курсы
- Түрік тілін деңгейлеп оқыту курсы
- Орыс тілін деңгейлеп оқыту курсы
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі критерийлерге сай болуы тиіс:
1) кемінде 3 жыл мемлекеттік қызмет саласында практикалық тәжірибесінің және/немесе тренингтер өткізу тәжірибесінің (мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда) болуы;
2) жоғары білімінің (маман) немесе магистр дәрежесінің болуы (PhD, ғылым кандидаты немесе докторы дәрежесінің болғаны жөн);
3) мемлекеттік және орыс тілдерін білу, мүмкіндігінше ағылшын тілін білу;
4) оқытудың интерактивті әдістемелерін меңгеру;
5) мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында тәжірибеге бағдарланған кейстердің болуы;
6) ұсыныс хаттар (мүмкіндігінше).
Конкурс іріктеуіне қатысу үшін құжаттарыңызды atr.info@apa.kz электронды адреске жіберуіңіз қажет:
- түйіндеме (үлгі бойынша);
- жоғары білім туралы құжат (магистратура, PhD);
- таңдалған тақырып бойынша презентация (үлгі бойынша).
Конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 11 қаңтарына дейін жүргізіледі.
Байланыс мәліметтері: Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы, 419
Тел: 8(7122) 51 94 92; 8(7122)51 85 19
Электронды почта: atr.info@apa.kz