13-17 қаңтар аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалы Мақат ауданында «Мемлекеттік сатып алулар: практикалық қолданылуы» тақырыбында семинар өткізді. Шараның ашылу салтанатында Мақат ауданының әкімі Азамат Саматұлы Мәмбетов сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларға сәттілік тілеп, мемлекеттік сатып алулар саласындағы кәсіби дағдыларды дамыту бағытындағы бастаманың маңыздылығын атап өтті.
Аталған семинардың басты мақсаты – мемлекеттік сатып алулар саласындағы тыңдаушылардың кәсіби құзыреттері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.
Семинар бағдарламасы мемлекеттік сатып алулар саласын кешенді түрде қамтыды. Талқыланған негізгі тақырыптар:
✔️ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңындағы соңғы өзгерістер;
✔️ Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізгі принциптері мен тәжірибесі;
✔️ Жоспарлау тиімділігінің аудиті және мемлекеттік сатып алу шарттарын жүзеге асыру;
✔️ Мемлекеттік сатып алу әдістері, соның ішінде конкурстық тәсілдер;
✔️ www.goszakup.gov.kz порталының мүмкіндіктері мен қолдану тәртібі.
Семинар барысында қатысушылар практикалық кейстерді талқылап, сатып алуларды жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін меңгерді. Сонымен қатар, порталды пайдаланудың жаңа функцияларына шолу жасалды.