Жаңалықтар

5-23 ақпан аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы өтті.

Академияның Атырау облысы бойынша филиалында 5-23 ақпан аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы өтті.

Курстың мақсаты – жас мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзыреттерін дамыту, кәсіби өзара әрекеттесуді құру және ұжымдық тәжірибені пайдалануға мүмкіндік беретін әріптестермен бірге даму, Soft skills пәндері мен практикалық сессиялар арқылы мықты жақтарын анықтау.

Курс барысында тыңдаушылар ойлау дизайны және адамдарға бағдарлану процесінде шеберліктерін қалыптастырып, өзекті мәселелерді шешу бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеп, аналитикалық дағдыларын дамытты.

Тыңдаушылар семинар соңында өзара топқа бөлініп, «Әлеуметтік осал топтағы жандардың өмір сапасын оңтайландыру», «Мектептердің жалпы жәй-күйі туралы», «Қаржылық сауаттылықты арттыру», «Осал топ мүшелерінің табыс көздерін табу жолдары», «Жас кәсіпкерлер арасында ақпараттық қолжетімділікті және сауаттылықты арттыру» тақырыптары аясында жобаларын сәтті қорғады.