Жаңалықтар

Әділет департаментінде ақпараттық сессия өтті

Бүгін филиал қызметкерлері кабинет меңгерушісі Назерке Ғалымжанқызы мен жетекші сарапшы Айнұр Айтжанқызы Атырау облысының Әділет департаментінде болып, ақпараттық сессия өткізді.

Кездесу барысында 2023 жылы Академияға оқуға түсу ережелері мен құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерге тоқталып, оқу бағдарламалары туралы презентация жасады.

Қатысушылар өздерінің қызығушылық тудырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
 
Еске сала кетейік, Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір мен 29 маусым аралығында өтеді.
 
Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша 2023 жылға ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ОНЛАЙН форматта жүзеге асырылады.
 
Электронды құжаттарды Академияның ақпараттық жүйесіне (https://admission.apa.kz) электронды түрде жүктеу қажет.
 
Бізбен байланыс
+7(7172) 75-33-95 / +7 (7172) 75-34-43
8778-926-00-32