3-7 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында «Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар болып өтті.
Семинар нәтижесінде тыңдаушылар мансап жолымен ілгерілеуі үшін көшбасшылықтың құралдары мен технологияларын қолдану бойынша тәжірибелік дағдыларын дамытты.
Сонымен қатар семинар көшбасшылық қасиеттер, команданы басқару мен өзін-өзі дамыту құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік берді.
Аталған семинар бойынша тыңдаушылар тренерлермен бірге қаралған көшбасшылық әлеуетін өсіру құралдарының жоғары практикалық маңыздылығын атап өтті.