Ағымдағы жылдың 31 қаңтар-13 мамыр аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында ұйымдастырылған «Ағылшын және түрік тілдерін деңгейлеп оқыту» кешкі тілдік курстары өз мәресіне жетіп аяқталды.
Үш ай жарым мерзімге созылған тілдік курстар онлайн форматта, ZOOM бағдарламасы арқылы өткізілді.
Курс соңында Ағылшын тілінің дәріскері – Умбетжанова Гульбану Менажахадиновна мен түрік тілінің дәріскері – Әшірханова Қарлығаш Маштайқызына тыңдаушылар өздерінің алғыстары мен жылы лебіздерін жолдап, ризашылықтарын білдірді.
Ағымдағы жылдың 24 мамыр – 12 тамыз аралығында өтетін кезекті «Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту» кешкі тілдік курсы бүгін онлайн форматта басталғанын хабарлаймыз.