Жаңалықтар

«АЙМАҚТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ : ЖОБАЛЫҚ ТӘСІЛ»

Жаңа аптаның жаңа семинарлары бастау алды.

Бүгін 21-25 қараша аралығында өтетін “Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыру: жобалық тәсіл атты 5 күндік біліктілік арттыру” семинары басталды.

Семинар мақсаты бойынша тыңдаушылар аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жобаларды басқару, ұйымдастыру, іске асыруда кәсіби құзіреттіліктері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді.
 
Семинардың құзыреттіліктері
 
қызметті басқару
бастамашлылдық
өзгерістерді басқару
стратегиялық ойлау
нәтижелерге қол жеткізу
 
Алғашқы күннің дәріскерлері
 
Қуаныш Айгүл Базарбайқызы – Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Тілдерді дамыту және талдау бөлімінің басшысы, ҚР ISO жобалық менеджмент саласындағы Ұлттық стандарттарға сәйкес IV деңгей бойынша сертификатталған «Тренер-кеңесші»
 
Нұртілеуова Жаннат Асылбекқызы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы директорының міндетін атқарушы
 
Семинар қатысушыларына сәттілік тілейміз!