5 маусым күні Қызылқоға және Мақат ауданы әкімі аппараттарында Академияға оқуға қабылдау туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараға кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары мен мамандары және квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.
Шара барысында Академияның атқаратын қызметі мен білім беру бағыттары туралы баяндадым.
Сондай-ақ, Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы өз кезегінде магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту нысандары, олардың ерекшеліктері, құжат тапсыру тәртібіндегі өзгерістер мен Академияда оқудың артықшылықтары жайлы кеңінен түсіндірді.
Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмастым.
Еске сала кетейік, Академияға оқуға құжат қабылдау 26 маусым күні аяқталады.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға магистратура бойынша 120 грант, докторантура бойынша 12 грант бөлінген.
Бағдарлама жайлы, қабылдау шарттары және құжаттар туралы қосымша ақпаратты www.apa.kz Академия сайтынан немесе төменде көрсетілген контактілер арқылы біле аласыз : +7 7172 75 33 95, +7 7122 492294, +7 7122 519492, 8708-565-56-59.
Посмотреть эту публикацию в Instagram