Бүігн Атырау облысының өңірлік комуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау ережелері және жаңа өзгерістер» тақырыбында брифинг өтті.
Спикер, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Азамат Әбділқаилұлы
Брифинг барысында филиал директоры Бекіш Азамат ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу шарттары мен енгізілген өзгерістер, жатақхана мәселесі туралы толығырақ түсіндіріп өтіп, мемлекеттік қызметшілерді Академияға оқуға түсуге шақырды.
Брифинг соңында көрермендерден келген сұрақтарға жауап берілді.
Еске сала кетейік Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір мен 29 маусым аралығында https://admission.apa.kz сайтында онлайн қабылданады.
Академияға оқуға түсу бойынша сұрақтарыңыз болса төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласа аласыздар!
+7(7172) 75-33-95 / +7 (7172) 75-34-43
8778-926-00-32