Жаңалықтар

АКАДЕМИЯҒА ОҚУҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ӨТТІ

2023 жылы 24 сәуірде Атырау облысы, Қызылқоға ауданында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының кабинет меңгерушісі Назерке Ғалымжанқызы ауданның мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2023 жылы Академияға оқуға түсу ережелері мен құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерге тоқталып, оқу бағдарламалары туралы презентация жасады.

Қатысушылар өздерінің қызығушылық тудырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
 
Еске сала кетейік, Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір мен 29 маусым аралығында өтеді
 
Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша 2023 жылға ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ОНЛАЙН форматта жүзеге асырылады.
 
Электронды құжаттарды Академияның ақпараттық жүйесіне (https://admission.apa.kz) электронды түрде жүктеу қажет.
 
Бізбен байланыс
 
+7(7172) 75-33-95 / +7 (7172) 75-34-43
8778-926-00-32