Жаңалықтар

АКАДЕМИЯМЕН БІР ҚАДАМ АЛҒА

Бүгін Филиал Исатай ауданы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау ережелері бойынша ақпараттық сессия жұмысын ұйымдастырды.
Аталған ақпараттық сессия жұмысын Исатай ауданы əкімі аппараты кадр қызметі жəне персоналды басқару бөлімінің басшысы Амиров Серік Ибрагимұлы ашып, Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы, жетекші сарапшы Дюсенова Меруерт Мəдениетқызы жоғары оқу орнынан кейінгі Академияның магистратура жəне докторантура білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат беріп, мемлекеттік қызметшілерді Академиямен бір қадам алға болуға шақырды.
Ақпараттық сессия барысында Академияда білім алудың артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, құжаттарды қабылдау ережелері, конкурстық іріктеу кезеңдері және басқа да түсініктемелер беріліп, жадынамалар таратылды.
Құжаттар Академияның www.admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжаттарды жүктей отырып, 23 шілдеге дейін қабылданатындығын естеріңізге саламыз.